Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстандағы шағын және орта бизнеске көмек көрсету шаралары туралы айтты.
«Шағын және орта бизнеске қосымша көмек көрсету мақсатында Қарыз алушы үшін жылдық 6 пайызға дейін жеткізе отырып, экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ-тың қолданыстағы кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жүзеге асырылатын болады. Субсидиялау ТЖ режимі жарияланған сәттен бастап 12 ай кезеңін жабады», — деп айтты Дәленов Үкімет отырысында.
Министр бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
«Бұл тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыруды, барлық реттеушілік талаптарды тексеруді және тиісті комиссия құру арқылы оларды қысқарту бойынша ұсыныстар әзірлеуді қамтиды. Кәсіпкерлік Кодекске тиісті өзгерістер енгізу арқылы реттеушілік апелляция институтын енгізу бойынша шаралар қабылданатын болады», — деп қосты Дәленов.
Сондай-ақ, оның айтуынша, мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шараларын іске асыру жалғасады. Министр бұл ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесін 35 пайызға дейін және ШОБ-та жұмыс істейтіндердің санын 2025 жылға қарай 4 миллион адамға дейін арттыру бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізуге ықпал етеді деп болжайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнес коронавирус пандемиясының негізгі соққысын өзіне алғанын атап өтті.
Ол шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен секторларындағы барлық ШОБ кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жылдық 6 пайызға дейін мемлекеттік субсидиялауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Ақпарат көзі: Tengrinews