Қазақстанда салықтар мен төлемдердің саны азайтылады

Қазақстанда салықтар мен төлемдер саны азайтылады, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

«Бүгінгі таңда Салық кодексінде салықтың 12 түрі, салықтың 48 кіші түрі, 10 төлем және 6 алым қарастырылған. Салықтар мен төлемдердің санын азайту бойынша жұмыс жүргізіледі. Экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторлары үшін баламалы негізде айналымнан бөлшек салықты төлеу құқығын қолдану мәселесі зерттелетін болады», — деп мәлімдеді Дәленов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, сондай-ақ, салықтық мөлшерлемелерді саралау мүмкіндіктері зерттеліп, негізгі Бюджеттік коэффициенттер жиынтығы әзірленетін болады.

«Бюджет саясатының тиімділігі мен орнықтылығын бағалау енгізілетін болады. “Кеңейтілген бюджет” енгізу шеңберінде бюджеттен тыс қорларды шоғырландырылған бюджетке енгізу жолымен мемлекеттік қаржыны кешенді бағалау енгізілетін болады», — деп қосты Дәленов.

Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық саясаты елдің барлық азаматтары үшін түсінікті болуы тиіс деп мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда 40-қа жуық түрлі салықтар мен алымдар алынады, әкімшілік күрделі және мәжбүрлі сипатқа ие. Үкіметке “Атамекен” Ұлттық палатасымен бірлесіп, депутаттық корпусты тарта отырып, Салық кодексіне және заңға тәуелді актілерге ревизия жүргізуді тапсырамын. Мақсаты-салық міндеттемелерін орындауды түбегейлі оңайлату және салықтар мен төлемдердің санын барынша азайту», — деп мәлімдеді Тоқаев.

Ақпарат көзі: Tengrinews

Поделиться:

Еще новости

Свяжитесь с нами