Қандай шағын және орта бизнес субъектілері 1 қазанға дейін салықтан босатылады

Қандай шағын және орта бизнес субъектілері 1 қазанға дейін салықтан босатылады


ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов шағын және орта бизнес субъектілерін 1 қазанға дейін салықтан босату туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Шағын және орта бизнесті ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін еңбекке ақы төлеу қорынан (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру мен әлеуметтік аударымдар) салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босату қарастырылған», — деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында. Ол салық жеңілдіктеріне қандай субъектілер кіретінін айтты. «Бұл шара туристік қызмет, қоғамдық тамақтану, қонақ үй бизнесі, ірі сауда нысандары, ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын қамтиды», — деп атап өтті министр.

Ақпарат көзі: inform.kz

Поделиться:

Еще новости

Свяжитесь с нами