Несиені кейінге қалдыру туралы ақпарат

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 23 наурыздағы тапсырмасына сәйкес, «Almaty» Микроқаржы ұйымы» ЖШС, ТЖ режимін енгізу нәтижесінде зардап шеккен өз клиенттеріне негізгі қарыз және/немесе қарыздар бойынша сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібі туралы хабардар етеді.

Несиені кейінге қалдыру шарттары: ТЖ режимін енгізу нәтижесінде зардап шеккен микрокредит шарттары бойынша негізгі қарызды және/немесе сыйақыны төлеу тоқтатыла тұрады. Несиені кейінге қалдыруды 2020 жылдың 16 наурызына дейін несие алған және 2020 жылдың 16 наурызына дейін мерзімі өтпеген кәсіпкерлер пайдалана алады. Кейінге қалдыру кезеңі: 90 күнге дейін.

Қалай алуға болады: қарыз алушының өтініші және қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттар негізінде. Бұл ретте тоқтата тұру туралы шешім мынадай жағдайларда қабылданады:

1) қызметі ТЖ режимімен шектелген экономика салаларындағы қызметті жүзеге асыру, оның ішінде:

  • Сауда секторы, сауда-ойын орындарын жалға алушыларды, халық тұтынатын тауарлар дүкендерін, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және олармен байланысты жеткізілімдерді қоспағанда, тауарларды жеткізу тізбегі,
  • спорт, туроператорлар мен турагенттерді қоса алғанда, туризм және қонақ үй бизнесі, азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді тасымалдауды қоспағанда, жолаушылар және жүк тасымалдау секторы,
  • мейрамханалар мен дәмханаларды қоса алғанда, қоғамдық тамақтану секторы, тұрмыстық қызметтер секторы,
  • театрларды, кинотеатрларды, фото  және бейнетүсірілімдерді, көрмелер мен конференцияларды, салтанаттарды ұйымдастыру, сұлулық салондары мен фитнес орталықтарды қоса алғанда, бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру,

2) немесе қызметтер көлемінің төмендеуі, сатып алушылардан ақы төлеу мерзімдерін кідірту, тоқтата тұру, ауыстыру (кейінге қалдыру), қызметкерлердің штат санының қысқаруы расталған кезде немесе ТЖ режимінің қолданылу кезеңінде басқа да объективті себептер бойынша.

Несие мерзімін кейінге қалдыру туралы өтінішті МҚҰ кеңсесінде Алматы қ., Байзақов к-сі, 303 мекенжайы бойынша немесе электрондық пошта арқылы мына мекенжайға беруге болады: info@mfoalmaty.kz

Қарыз алушының өтініші 10 жұмыс күні ішінде қаралады.

Өтініш беру, оны қарау, қабылданған шешім, сондай-ақ сіздің қарызыңыздың мерзімін ұзартудың басқа да егжей-тегжейі бойынша Сіздің несие менеджеріңізге хабарласуларыңызды сұраймыз.

Поделиться:

Еще новости

Свяжитесь с нами