Алматы әкімдігі шағын және орта бизнестің дамытуын қолдайды

Бұл жайлы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Конституция Күніне арналған салтанатты жиналыс барысында мәлімдеді. Әкімдіктің стратегиялық міндеттерінің бірі болып кәсіпкерлікті қолдау және дамыту болып табылады , деп хабарлайды Almaty.tv. Бүгінгі таңда Алматы қаласының экономика құрылымында сауда және қызмет 85% астам орын алады. 185 мың ШОБ субъектілері 40% ЖӨӨ, 64% салықтарды, 600 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бүгін шағын бизнес – жаңа жұмыс орындарын құрудың басты драйвері, сонымен қатар, жергілікті жерлерде сапалы жұмыспен қамтылуы аудан әкімдіктерінің және қалалық басқармаларының жұмыс көрсеткішін бағалау болып табылады. Әкімдік “Алматы Бизнес 2025” бірыңғай кәсіпкерлікті дамыту өңірлік бағдарламасын әзірленген. Сонымен қатар, кәсіпкерлер 525 мемлекеттік қызмет түрлерін бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлікті қолдауға арналған «Qoldaý» орталығында ала алады. Орталықтың филиалдары қаладағы 6 ауданда ашылып отыр. «Бизнес үшін қаржы ресурстарының қол жетімділігін кеңейту үшін, біз жалпы капиталы тек 2019 жылы 3 млрд теңге болатын Almaty Finance компаниясын және “Almaty” микроқаржы ұйымын ашып отырмыз. Бұл барлық қаражатты алматылық бизнесмендер алады» – деп қала әкімі мәләмдеді. Бұл ретте жобаларды қаржыландыруға сараланған көзқарас ескерілетін болады. Іскерлік белсенділігі төмен аудандар үшін – 2% , қалған аудандарда – 7%. ШОБ жобаларын қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктер “Даму” қорымен бірлесе отырып қосымша 2 млрд теңге тепе-теңдік негізде бөлінген, келесі жылы тек осы бағыт аясында тағы да 10 млрд теңге бөлу жоспарланған. Сағынтаев атап өткендей, тұтастай алғанда, ШОБ-ке қаржылық қолдаудың жалпы көлемі ағымдағы жылы 4,5 млрд. теңгеден келесі жылы 30 млрд теңгеге дейін жетеді.

Источник: www.almaty.tv

Поделиться:

Еще новости

Свяжитесь с нами