«Алматы Бизнес 2025» бағдарламасы шағын және орта бизнеске қандай өзгеріс әкеледі

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты.

Журналисттермен кездесуде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев «Алматы Бизнес 2025» жаңа өңірлік бағдарламасы бойынша түсініктеме берді. Белгілі болғандай, осының негізінде Qoldaý кәсіпкерлік орталығы құрылады, ол жерде бизнесмендерге «бір терезе» қағидаты бойынша 525 қызмет түрлері ұсынылады, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпараттар орталығы тілшісі.
Бағдарлама жеңілдікпен несие беруді көздейді. «Біз қолданыстағы тиімсіз компаниялар қайта құру жолымен жалпы капиталы 2019 жылы 3 млрд теңгені құрайтын, алматылық бизнесмендер қаржыландырылатын Almaty Finance қаржы компаниясын және Almaty микроқаржы ұйымын құрдық», — деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

«Алматы» МҚҰ арқылы қамтамасыз етумен мерзімі 2 жылдан 7 жылға дейін (2 немесе 7%) 20 млн. теңгеге дейін негізінен жаңа бизнесті ашу үшін несие береді. «Алматы финанс» қалыптасқан кәсіпорындарды қолдауға және дамытуға, тиісінше қаржыландыру шегі 300 млн теңгеге дейін ұлғайтылып мерзімі 2 жылдан 7 жылға дейін (2 немесе 7%) несие береді.

Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікті қолдау туралы айтты
«Егер ШОБ субъектілерінің жалпы санын алатын болсақ, 58,2% үш ауданға тиесілі: Алмалы, Бостандык және Медеу, өнім шығару осы жерде 72,3% – құрайды, салық түсімдері — 78,2%, жұмыспен қамтылғандар — 51%, бұл аудандар белсенділігі жоғары аудандар болып табылады. Ал іскерлік белсенділігі төмен екі аудан: Алатау және Наурызбай, мұнда ШОБ субъектілерінің саны 13,9% ғана құрайды , өнім өндіру — 4,5%, салықтық түсімдер — 2,6% – ға, жұмыспен қамтылғандар — 9,1%», — деп айтты әкім орынбасары.

Сапарбек Тұяқбаевтың пікірінше орталық пен басқа да аудандардың арасындағы мұндай экономикалық дисбалансты шешу қажетті жүйелі мәселелердің бірі. Сондықтан, несие құны сараланатын болады. Іскерлік белсенділігі төмен аудандар үшін мөлшері -2% (оның ішінде көп балалы аналарға), қалғандары үшін — 7% болады.

«Банктер бизнес болады ма немесе болмай ма, оны ойламайды, олар бұл активті тез іске асыруды, ол өтімді ма өтімді емес па сол туралы ойлайды. Егер өтімсіз болса, онда жобаны тіпті қарамайды. Біздің шарттар икемді болады», — деді Сапарбек Тұяқбаев.

Бұл ретте әкім орынбасары кәсіпкерлікті қолдауда банктердің рөлін жоққа шығармайды. «Осы жылы «Даму» қорымен бірлесіп, 3,2 млрд теңгені тепе-теңдік негізде, банктер арқылы жылдық 7%-бен соңғы тұтынушыға және әр жобаға 180 млн теңгені құрайтын келісім қол қоямыз. Осы құрал шеңберінде келесі жылға «Даму» қорымен келістік: олар бюджеттен 5 млрд теңге, біз 5 млрд теңгені бөлеміз, барлығы 10 млрд теңге”», — деп мәлімдеді қала әкімінің орынбасары.

Ол 6% 18 млн. теңгеге дейін шағын несиелеу «Даму» қорының және республикалық бюджет есебінің қолдауымен «Еңбек» бағдарламасы бойынша жалғасады.
«Егер біреу бізден мемлекеттік қолдау алса, олар портал арқылы есеп беруге міндеттенеді: қанша жұмыс орнын құрды, қанша салық төледі, қандай көлемде өнім өндірді. Ал біз біздің шығындарымыз қаншалықты тиімді екендігін бағалаймыз», — деді Сапарбек Тұяқбаев.

Әкімдіктің болжамы бойынша бағдарлама осы жылы 9 мың жұмыс орнын құруға үлесін қосады. «Келесі жылдан бастап ШОБ секторын тиісті дәрежеде қаржыландыруында шамамен 30 мың жұмыс орны құру көзделіп отыр», — деп атап өтті әкім орынбасары.

Спикер кәсіпкерлердің алдында бизнесті құру және дамыту процесінде әкімшілік кедергілерге назар аударды. Оларды жою үшін, рұқсат беру құжаттарын ұсыну бойынша сервисі – «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы құрылған.

«ХҚКО халыққа қызмет көрсету бойынша және әр түрлі анықтамалар беру бойынша жақсы жұмыс істейді, бірақ бизнес үшін күрделі мәселелер бойынша ол шешім шығармайды. Ал бизнесте билік және мемлекеттік органдармен тұрақты интерактивті байланыс болуы тиіс», — деді шенеунік.

Сол уақытта Qoldaý қосымшасында қолдау бағдарламалары туралы ақпарат орналастыралады, жобалар бойынша өтінім мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ әкімдік алдында жеңілдетілген несие алған жағдайда есеп беру мүмкіндігі пайда болады.

Ақтөбеде инвесторларға қызмет көрсету бойынша фронт-офис ашылды
Сонымен қатар, Сапарбек Тұяқбаев ШОБ секторындағы әлсіз жақтары атап айтты: олардың ішінде өнеркәсіптік, қызмет көрсету және сауда кәсіпорындары үшін инфрақұрылымның дамымауы және қол жетімсіздігі, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша әлсіз ақпараттық-түсіндіру жұмысы, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмыстың жоқтығы, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің төмен құзыреті. Оның пікірі бойынша, инфрақұрылымның дамуы шағын индустриялық аймақ құру есебінен өтуі тиіс, «қарапайым заттар экономикасы» өндірісін оқшаулау, сауда және сервис объектісінің стационарлық және стационарлық емес қағидаларын бекіту, өткізу тізбектерін қалыптастыру. Жобаларды кешенді сүйемелдеу жүргізілуі тиіс, оның ішіне инвестициялық ұсыныстарды дайындау және іздеу кіреді, жаңа инвесторларды тарту, сервистік қолдау және құқықтық сүйемелдеу кіреді. Сондай-ақ, қаланың инвестициялық ахуал туралы белсенді айту, Алматының имиджін қалыптастыру қажет.

«Тауашаны анықтау, жобаларды анықтау, олардың кәсіби деңгейде «буып-түю», арзан несиелендіруді іздеу керек. Осыдан кейін инвесторлар жобаларға қаржы салуға дайын болады», — дейді ол, зәкірлік жобаларынсыз ШОБ-ті қозғалту мүмкін емес деп қоса айтты.

«Ұзақ мерзімді перспективада мұндай жобалар іздеу керек», — деп бекітті Сапарбек Тұяқбаев.

Әкім орынбасары соның ішінде жеңіл және тамақ өнеркәсібін, IT, логистика, сервис және сауда, ағаш өндеу, жиһаз өндірісін, қызмет көрсету және т. б. салаларды атап айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Алматы экономика құрылымындағы сауда мен қызмет көрсету саласы шамамен 85% құрайды. 185 мың ШОБ субъектілері 40% ЖӨӨ, 64% салықтарды, 600 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі: www.kapital.kz

Поделиться:

Еще новости

Свяжитесь с нами