ҚР Президенті – әкімдіктер кәсіпкерлік негіздерін жаппай оқытуды белсендірек енгізу қажет.

АЛМАТЫ. КАЗИНФОРМ – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлік негіздерін жергілікті жерлерде оқыту қажеттілігі туралы мәлімдеді, деп хабарлады «Казақпарат» .

ҚР Президенті Алматыдағы «Инвестиция үйіне» барды. Мемлекет басшысына Алматы қаласындағы «Инвестиция үйінің» негізгі қызметтері жайында мәлімет берілді. ҚР Президентіне кәсіпкерлікті қолдауға арналған «Qoldaý» орталығының, «Almaty Finance», «Almaty» микроқаржы ұйымдарының бизнесті өркендету бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндалды. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған орталықтарды аралап көрген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алынған бастамалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.

Источник: www.inform.kz

Поделиться:

Еще новости

Свяжитесь с нами