2%-бен несие. Алматыда бірегей бизнесті қолдау бағдарламасын іске қосады

Алматылықтарға бизнесті бастау үшін тек қаржылық ғана емес, сонымен қатар ұйымдық көмек көрсетеді.

Жақын арада шағын және орта бизнесті (ШОБ) 2025 жылға дейін қолдау бағдарламасын
іске қосуды, бизнеспен жұмыс кезінде жаңа тәсілдер, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру туралы тілшілерге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның ең ірі мегаполисінде таяудағы екі аптада “Almaty business-2025” кәсіпкерлікті дамыту өңірлік бағдарламасы іске қосылады. Ол қолданыстағы ғана емес, сондай-ақ Алматыда өз ісін енді ашатын кәсіпкерлерге барлық ықтимал мемлекеттік қолдау құралдарын береді.

Қазақстанда республикалық деңгейде «Бизнестің жол картасы», «қарапайым заттар Экономикасы» бағдарламалары, преференциялар аймақтық құралдар (индустриалды аймақ, арнайы экономикалық аймақ) жұмыс істеуде, бірақ нәтижесінде көбіне бизнесмен қолдау алу үшін қайда хабарласуды білмейді. “Almaty business-2025” жаңа бағдарламасы кәсіпкер үшін мемлекеттік қызмет алуды женілдетіп нақты құралдар тізбесін береді, сондай-ақ жаңа бұрын-соңды болмаған қолдау құралдарын береді.

Қазір әкімдік “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, шенеуніктер мен бизнесмендер арасында сауалнама жүргізуде. Қалалық əкімшілік жауаптарға талдау жүргізіп бизнес үшін үлкен маркетингтік жоспар құрайды.

— Басқа сөбен айтқанда, өз ісін бастағысы келген азаматтар, электрондық деректер базасын көмегімен,
мысалы қай ауданда химиялық тазалауды ашқан дұрыс, ал қай жерде шаштараз немесе дүкен жетіспейтінің нақты біледі. Сондай-ақ, нарық туралы деректер қолданыстағы орта бизнеске және ірі инвесторларға қол жетімді болады. Скрининг Алматы бизнес үшін ресурстар мен әлеуеті туралы ғана емес, сонымен қатар сатып алушылар үшін жақын және алыс шетелдерге тауарлар мен қызмет көрсетулер туралы ақпаратты береді. Жұмыс істеп жатқан немесе әлеуетті бизнесменге қандай орындар бос екені, болашақта экспортқа не шығаратыны түсінікті болады, ал жеке кәсіпкер қандай қызмет түрлерін тек Қазақстан тұрғындары үшін ғана емес көрсетуі әбден мүмкін: мысалы, онлайн-курстар. Сонымен қатар, осыны негізге ала отырып, біз қазір енгізіліп жатқан құралдарға қосымша құралдар құрамыз, — деді Сапарбек Тұяқбаев.

Мегаполистің «ең жас» Алатау және Наурызбай аудандарында – сауда және сервис объектілерінде үлкен қажеттілік бар екені көрініп тұр. Статистика бойынша бұл жерде ең төмен іскерлік белсенділік (қала көлемінде ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 3,5% және 1% сәйкесінше).
— Алматыда үлкен шағын аудандар салынуда. Тек 2019 жылы бір шағын ауданда 23 үйдің пайдалануға беріледі, бірақ оларға жақын 5-10 км қашықтықта бірде-бір дүкен және шаштараз жоқ. Сондықтан әкімдік бұрын болған «тұрмыс үйі» үлгісі бойынша жобаларды әзірлеп жатыр. Бұл инвесторлардың льготтық несиесімен салынған сервистік-сауда орталығы болуы мүмкін, бұл жерде қоғамдық тамақтану және саудадағы тек зәкір қатысушылар ғана емес, сондай-ақ жергілікті тұрғындар өз бизнесін аша алады. Жаңа жұмыс орындары қамтамасыз етілетін болады және жергілікті тұрғындар үшін сервис құрылады, тұрғындарға қаланың орталығына тығындар құрып барудың қажеті жоқ, — деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Нақты қадамдар

Қазір қалалық әкімшіліктің деректері бойынша, бизнестің дамуына кедергі бірқатар келелі мәселелер бар. Бұл қала орталығы мен кейбір аудандар арасындағы экономикалық тепе-тенсіздік, негізгі капиталға салынған қарыз қаражатының инвестициялар түіндегі төмен үлесі, өнеркәсіп, сервис және сауда үшін инфрақұрылымның дамымауы және қол жетімсіздігі, мемлекеттік қолдау шараларына бойынша әлсіз ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмыстың жоқтығы, жаңа кәсіпкерлердің төмен құзыреті. Алайда, «Almaty business-2025» бағдарламасы оларды шешеді.

Кәсіпкерлерге ХҚО (Халыкқа қызмет көрсету орталығы) аналогы

Алматы қаласындағы (Габдулин және Бұхар жырау көшелері арасындағы Байзақов көшесінде) БҰҰ-ның өкілдіктерімен бір ғимаратта Инвестициялар үйінде “Qoldaý” кәсіпкерлік орталығы ашылады. ХҚО-на ұқсастық бойынша бұл жерде мемлекеттік қызметті барлық мекемелер көрсететін болады, олардан кәсіпкерге бизнес ашу рұқсат алуға қажет – МСҚБ (Мемлекеттік Сәулет-Құрылыс Басқармасы), жер қатынастары, сәулет, көлік, басқармасы, сондай-ақ, ТЖД (Төтенше жағдай департаменті) және санэпидемиологи, коммуналдық қызмет (Алматы су, Алатау жарык, Жылу, Қазтрансгаз). Сонымен қатар, мұнда бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар болады – Алматы финанс, Алматы МҚҰ, Даму, КазахИнвест, КазахЭкспорт, КазАгрофинанс, «Атамекен» ҰКП.
Бас орталығынан басқа 6 аудандарда оның қысқартылған нұсқада өкілдігі ашылады (тек басқармалар мен коммуналдық шаруашылық қызметкерлері).

— “Qoldaý” орталығында тек қана рұқсат беру ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік орган белгілі бір өтінімдерді бас тартуға тиіс жағдайларда шешімдер табуы керек. Біз өз тарапымыздан шенеуніктердің шешімдерді іздеуге үйретеміз, қатаң бақылауға аламыз, өйткені бизнесмен тек бизнесті ашпайды? ол ол жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Мамандар кәсіпкерлер бас тартулар алмауы үшін құжаттарды дұрыс қатесіз рәсімдеуге көмектеседі. Барлығы екінші қабатта бір үлкен залда, жалпы алғанда, 1000 кв. м. Осы жерде кәсіпкерлерге қолдау шаралары бойынша және бастауларда кеңеспен алып жүреді. Егер өтініш білдіруші бизнесті неден бастау керек білмесе, онда ол осы жерде бизнес негіздерін оқып одан әрі несие алуға болады, немесе жұмыс кірумен кеденде және салықтар бойынша кеңес алады. Бұл өз кезегінде әкімдіктің фронт-офисы, оның басты міндеті – жақсы шешім табу болып табылады. Сонымен қатар, осы ғимараттың басқа қабаттарында бизнеспен байланысты күрделі мәселелерді шешу үшін біздің басқа да ұйымдарымыз болады, — деді Тұяқбаев.
Сонымен қатар “Qoldaý” мобильді қосымшасында қолдау бағдарламалары туралы, өтінім мәртебесі бойынша ақпарат қолжетімді болады және әкімдік алдында льготтық несие алған жағдайда есеп беру мүмкіндігі пайда болады.

Жеңілдікті несиелер

Әкімдік “Алматы финанс” және “Алматы” МҚҰ арқылы бизнеске жеңілдікті сыйақы мөлшерлемелер бойынша несие бере бастайды. Егер бизнесмендер өз ісін мегаполистің шетінде Алатау, Наурызбай немесе Жетісу аудандарында ашатын болса жылдық 2%, егер бизнесті басқа аудандарда ашса , онда сыйақы 7% несие алуға мүмкіндігі бар. бизнес ашуға ниет білдірген орналасқан жеріне байланысты емес көп балалы аналарға 2% несие ұсынатды.

— Біз өте жақсы жеңілдіктер береміз, бірақ бұл ақшаның қайтарылуына сенімді болуымыз қажет. Қалада тегі бойынша тізімге сәйкес 10,5 мың көп балалы аналар бар. олардың барлығы өз кәсіпкерлігін ашуға мүдделі емес екені түсінікті. Оның үстіне, бізде несие алу үшін қатаң талаптар бар, бизнес-жобалар банктер пайдаланатын қатаң әдістемелер бойынша бағаланады, і тәуекелдер, несие тарихы, әлеуетті рентабельділігі тексеріледі. Сонымен қатар, несиелер кепіл заты койылумен беріледі. Оларда қабілеті, ынтасы мен нақты жоба бар болса біз оларға көмектесеміз, — деді Туякбаев.
«Алматы» МҚҰ арқылы қамтамасыз етумен 7 жыл мерзімге (2 немесе 7%) 20 млн. теңгеге дейін несие берілуі мүмкін және лизинг бағдарламасына қатысу мүмкіндігі бар. Мұндай несиелер шағын бизнес (стартап) ашатындарға немесе бизнесін кеңейтуге, айналым қаражатын толтыруға немесе техника мен құрал-жабдықтарды жалға алу (лизинг) үшін бағытталған.

«Алматы финанс» қамтамасыз етумен 7 жыл мерзімге (2 немесе 7%) 300 млн. теңгеге дейін несие береді және лизинг бағдарламасына қатысу мүмкіндігі бар. Бұл несие шағын және орта бизнестің аңа және жұмыс істеп тұрған жобалары қолдау үшін, айналым құралдарын қолдауға, шикізат жеткізуді қаржыландыруға бағытталған.

— Біз бюджеттен бөлінген 30% ақшаны жылдық 2% беруге, ал қалғандарын ақшаны— жылдық 7% беруге есептедік. Әкімшілік ету Құны тәуекелдерді ескере отырып 5,5%, біз коммерциялық ұйым емеспіз, пайда табуды қумаймыз, біз үшін бизнесті қолдау маңызды. «Алматы МҚҰ» және «Алматы финанс» үшін капиталдандыру қаражаты жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңгені құрайды. Бұл ақша револьверлік негізде қайтарылады және бұдан әрі жаңа несиелер беруге арналған. Басқа өңірлерде бұл жүйе қолданылған, — деді әкім орынбасары.
Сонымен қатар, әкімдік «Даму» қорымен бірлесіп, 2019 жылы 3,2 млрд теңгені тепе-теңдік негізде ЕДБ арқылы жылдық 7%-бен көлемі 180 млн теңгені құрайтын несие беретін болады. Бұл бағыт, сондай-ақ шағын жобалар үшін, оны дамытуға және жақсы несиелік тарихы бар иелеріне есептелген. 2020 жылы “Даму” мен әкімшілік бұл бағытқа 5 млрд теңгеден бөледі. Бұл қосымша құрал.
Сонымен қатар, “Еңбек” бағдарламасы бар, оның шеңберінде “Даму” қорының қолдауымен және республикалық бюджеттен банктерден шағын бизнес 18 млн. теңгеге дейін жылдық 6% – бен микрокредит алуға мүмкіндік бар.

Қорытындысында, 2019 жылы 5,5 млрд теңге бөлінді, алайда ол жыл соңына дейін шағын және орта бизнесті несиелендіру жалпы сомасы 11,5 млрд теңгені құрайды, келесі жылы бұл көрсеткіш 30 млрд теңгеге дейін артады.

Бұл үшін жобаны іске асырудың мынадай нұсқалары көзделген:
нысанның құрылысы жеңілдікті несие беру арқылы инвесторлар есебінен әкімдіктің қолдауымен; объектінің меншік иелерінің қаражаты есебінен тоқтап тұрған өндірістік үй-жайлардың қайта жаңарту; ӘКК есебінен нысанның құрылысы (әсіресе жеке инвесторы жоқ депрессивті аудандарда).

Басымдық салалары: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, логистика, сервис, ағаш өңдеу өндірісі, жиһаз бұйымдарын жасау, қызметтер және басқалар.
Бағдарламаны іске қосудан бастап жыл соңына дейін қала әкімдігі оның бастауын бақылайды, бизнестен оны жақсарту бойынша қосымша ұсыныстар қабылдауға және түзету енгізуге.

Источник: www.zakon.kz

Поделиться:

Еще новости

Свяжитесь с нами