Fitch Ratings стандарттары бойынша “BBB” эмитенттің жақсы кредиттік сапасын және кредит тәуекелі бойынша төмен ағымдағы күтулерді білдіреді.
Fitch Ratings – үш ірі әлемдік рейтингтік агенттіктерінің бірі Қазақстанның егемендік рейтинг деңгейінде – Алматыға халықаралық “BBB” кредиттік рейтингін берді – деп қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды Almaty.tv .
Алматы қаласының экономикасы, бюджет және кредиттік профиліне соңғы бес жылда жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, Fitch ұзақ мерзімді эмитенттің дефолт рейтингін (IDR) шетелдік және ұлттық валютада “BBB” (инвестициялық деңгейі) және дербес кредиттік профилі (SCP) “BBB+” деңгейінде берді.
Fitch Ratings стандарттарына сәйкес эмитенттің жақсы кредиттік сапасын және кредит тәуекелі бойынша төмен ағымдағы күтулерді көрсетеді.
Осы кредиттік рейтинг Алматы қаласының күшін, Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Еуропа және Орталық Азия (ECACities) қалалары Бағдарламасы шеңберінде растау болып табылады.
ECA Cities Бағдарламасы қоғамдық көлік, сумен жабдықтау, қалдықтарды басқару, тиімді энергия және ақылды қалалық технологияларды қоса алғанда,экологиялық таза және тұрақты муниципалдық инфрақұрылым арқылы қызмет көрсетуге бағдарланады.
IFC қаламен ынтымақтастық аясында, Алматыға халықаралық кредиттік рейтинг алуға өтініш беру барысында , сондай-ақ рейтинг алудың бүкіл процесі уақытында ұсыныстар берді және басшылық жасады
Халықаралық кредиттік рейтингісі инвесторларға Алматының несие қабілеттілігін және өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау көрсеткіштерін ұсыну үшін маңызды роль атқарады. Рейтингті алу IFC мен Алматының арасындағы стратегиялық әріптестік үшін, ірі инфрақұрылымдық жобаларға ұзақ мерзімді егеменді емес қаржыландыру нарығына “жол салуы” мүмкін алғашқы қадам болып табылады. Бұл жұмыс сондай-ақ Дүниежүзілік банкімен тығыз ынтымақтастықта қалалық инфрақұрылымға өз сараптамасын енгізу бойынша жүзеге асырылады. «Халықаралық кредиттік рейтингті алу қаланың өсіп келе жатқан инвестициялық қажеттіліктері үшін коммерциялық ұзақ мерзімді қаржыландыруды тартуға маңызды қадам болып табылады. IFC міндеті — қазіргі заманға сай инфрақұрылымды инвестициялауды ынталандыру және Алматыға қала тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін тиімді және тұрақты қызмет көрсетуге көмектесу» – деді IFC-тің Орталық Азия бойынша Өңірлік менеджері Кассандра Колберт. Халықаралық инвестициялық қауымдастық көңілін аудару мақсатында, Алматының Fitch Ratings бағалайтын кредиттік рейтингісі жетекші әлемдік астаналардың рейтингтерінің тізіміне енгізілді. «Жоғары несиелік рейтинг Алматы қаласында қолайлы инвестициялық климат жасайды және бизнес-бастамалар үшін перспективті инвестициялық алаң болып табылады. Айта кету керек, біз ағымдағы “ВВВ+” кредиттік рейтингісін жетекші әлемдік қаржы ұйымдарымен ұзақ мерзімді қарыздар жасай отырып жоғары инвестициялық деңгейге дейін көтеруді жалғастыратын боламыз» – деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Илья Усеров.
IFC және Алматы қаласының әкімдігі 2019 жылдың ақпан айында стратегиялық серіктестік туралы Келісімге қол қойды, осының аясында IFC әкімдікті ұзақ мерзімді капитал алуға қол жеткізуге және инфрақұрылымға инвестициялар арттыруды қолдайды.