Әуезов ауданындағы балалар орталығы

“Kids Land” балалар орталығы репетиторлар, балаларды мектепке дайындау, сондай-ақ баланы оқу орындарына дейін сүйемелдеу қызметтерін көрсетеді.

«”Almaty” МҚҰ қызметі туралы біз Qolday өкілінен колледжден кейін қызын жұмысқа орналастыру үшін “Еңбекке” барған кезде кездейсоқ білдік. Әңгімелесу барысында бізге тиімді шарттармен бизнес үшін үй-жай сатып алуға болатынын айтты. Бұл мені қызықтырды, өйткені сол кезде мен оқу орталығына үй — жай жалдадық, ал жалға беруші жалдау шарттарын жиі ауыстыратын», – дейді “ART Capital” ЖК басшысы Әсем Еркіндікқызы.

«Қаражат алу қиын болған жоқ, бізге керек құжаттардың тізімі берілді, біз оларды тез ұйымдастырып, тапсырдық. “Almaty” МҚҰ мен компания қызметкерлерінің жұмысын жоғары деңгейде бағалаймын. Менеджер Ержан әрқашан байланыста болды. Барлығын қол жетімді және түсінікті етіп түсіндірді», – деп толықтырады Әсем Еркіндікқызы.

Клиент үй-жайларды сатып алу, жөндеу және қажетті жиһазбен жабдықтау мақсатында қаражат алды. МҚҰ-ның қаржылық көмегі үй-жайларды жалға берумен байланысты барлық тәуекелдерді, атап айтқанда жалдау бағасының өсуі мен мүмкін сатуды жойып, бұл бизнеске толық шоғырлануға мүмкіндік берді.

Оқу орталығының қызметтерімен танысу үшін олардың Instagram-сайтына кіре аласыз @kids.land.almaty

 

 

Поделиться:

Еще новости

Свяжитесь с нами