Ashyq жобасына қалай қатысуға болады?

 

Неден бастау керек?

1. Жұмысты қайта бастауға рұқсатты infokazakhstan.kz сайтынан алуға болады

Қызметті хабарлама тәртібінде тексерусіз қайта бастау үшін:

1-қадам. Infokazakhstan.kz сайтына кіріп, ұйымды ЭЦҚ арқылы тіркеу.

2-қадам. Бас санитар дәрігердің қаулысын жүктеп, сіздің нысаныңызға қойылатын талаптармен танысып, оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру.

3-қадам. «Менің өтінімдерім» бөлімінде санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алу.

4-қадам. Жеке кабинетке және электронды поштаға дайындық туралы актіні алып, жұмысты бастау

Егер бизнесіңіз көпшілік жиналатын кәсіп түріне жатса (қоғамдық тамақтану нысаны), сондай-ақ тактильді байланыс және балаларға қатысты болса, онда жұмысты бастауға рұқсат алу үшін санитарлық талаптарға сәйкестікке тексеруден өту керек.

1-қадам. Infokazakhstan.kz сайтына кіріп, ұйымды ЭЦҚ арқылы тіркеу.

2-қадам. Бас санитар дәрігердің қаулысын жүктеп, сіздің нысаныңызға қойылатын талаптармен танысып, оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру. Әр талапты мұқият оқып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.

3-қадам. Нысанды санитарлық талаптарға сәйкес дайындау.

4-қадам. Барлығы талапқа сай болса, сайттағы жеке кабинетке және электронды поштаға санитарлық талаптарға сәйкестік актісін – қызметті бастауға рұқсатты алып, жұмысты бастау.

 

БІЛУ МАҢЫЗДЫ! Қоғамдық тамақтану нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан хабарлама немесе жұмыс істеуге рұқсат болуы керек.

Егер қолыңызда хабарлама болмаса:

1-қадам. elicenze.kz сайтына кіріңіз және өз компанияңыздың ЭЦҚ кілті арқылы кіріп/тіркеліңіз.

2-қадам. «Денсаулық сақтау» бөлімінде «эпидемиологиялық қаупі төмен нысан қызметін бастау туралы хабарлама» хабарлама тәртібін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз.

3-қадам. Компания деректерін толтырып, хабарлама нөмірі мен санын сақтап қойыңыз. Бұл ақпарат Ashyq жобасына қатысуға өтінім беру үшін қажет.

4-қадам. Хабарламаға ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

Егер сізде хабарлама немесе рұқсат болса, оның нөмірін білу қажет:

1-қадам. elicenze.kz сайтына кіріңіз және өз компанияңыздың ЭЦҚ кілті арқылы кіріп/тіркеліңіз.

2-қадам. «Менің хабарламаларым» бөлімінде ашу немесе алынған рұқсаттар туралы жіберілген хабарламалардың тізімі көрсетілуі тиіс.

2. infokazakhstan.kz сайтында QR-код алуға өтінім рәсімдеу

1-қадам. «Менің өтінімдерім» бөлімінде «Ashyq QR» түймесін таңдаңыз, деректерді енгізіп, жеке кабинетіңізге өтіңіз.

2-қадам. Өтінімді рәсімдеңіз.

3-қадам. Өтініміңіз «Атамекен» ҰКП-ның өңірлік өкілдігіне түсіп, жоба шарттарына сәйкестікке тексеріледі.

4-қадам. Мақұлдаудан кейін infokazahstan.kz платформасы QR-код шығарады.

5-қадам. Кодты алып, оқудан өтіп, 1 апа бойы сынақ режимінде жұмысты бастаңыз.

Қосымшаны сәтті қолданып жатсаңыз, әкімдік нысанды сайттағы тізімге қосады.

БІЛУ МАҢЫЗДЫ! Қоғамдық тамақтану нысандары (банкет залдары, мейрамханалар, кафе, караоке клубтары) өтінімді сааллық қауымдастықтар арқылы береді.

 

Источник: ATAMEKEN

Поделиться:

Еще новости

Свяжитесь с нами