“Ashyq” пилоттық жобасы жұмысы жайлы

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов “Ashyq” қосымшасы бойынша бизнес нысандарының жұмысына қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысынан, 26 сәуірде “Ashyq” пилоттық жобасы жұмысын аяқтайды және ол барлық өңірлерге таралады.

Құжатқа сәйкес, бас санитарлық дәрігер “Ashyq” пилоттық жобасын келесі кәсіпкерлік нысандарында жүзеге асыруды жалғастыруға қаулы етті:

1. фитнес-клубтар, соның ішінде йога орталықтары;
2. спа орталықтары;
3. сауналар, бассейндер;
4. компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);
5. боулинг клубтары.

Қаулыдан көрініп тұрғандай, “Ashyq” жобасына қатысушыларды республика аумағында кеңейту мақсатында жобаға енгізуге рұқсат етілсін”:
– бірінші кезеңде 2021 жылғы 14 сәуірден бастап:
1) кинотеатрлар;
2) театрлар және филармониялар;
3) банкет залдарын, асхана типі бойынша объектілерді, фаст-фудтарды, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру объектілері;
4) ерікті қатысушылар;
– екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап:
1) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
2) бильярд клубтары;
3) концерт залдары;
– үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап:
1) караоке;
2) “жасыл” аймақтағы банкет залдары (бір залда 50 адамға дейін толтырылады, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес).

 

“Атамекен” ҰКП мәліметінше, Нұр-сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан басқа, “Ashyq” жобасына Көкшетау, Ақтөбе, Тараз, Талдықорған қосылды.

Источник: zakon.kz

Поделиться:

Еще новости

Свяжитесь с нами