Қаржы реттеушісі ШОБ қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну қағидаларын түсіндірді

Шара осы жылдың 1 сәуіріне дейін кәсіпкерлік мақсаттарға берілген несиелерге қатысты қолданылады

 

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін Агенттік Ұлттық банкпен және қаржы нарығына қатысушылармен келісім бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібін әзірледі.

Тәртіп микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік мақсаттарға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге 2021 жылғы 1 сәуірге дейін берілген банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдердің мерзімін ұзартуды көздейді.

Төлемдерді кейінге қалдыруды алу үшін қарыз алушылардың көрсетілген санаттары 2021 жылғы 30 маусымға дейін өз банкіне немесе микроқаржы ұйымына өтініш беруі тиіс.
Өтініш электронды пошта, “банк-клиент” онлайн-жүйесі, интернет-ресурс, мобильді қосымша немесе басқа да байланыс құралдары арқылы еркін нысанда берілуі мүмкін.
Мерзімін ұзарту қарыз алушының таңдауы бойынша 30-дан 90 күнге дейінгі мерзімді құрайды.

Шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге субъектінің экономиканың зардап шеккен салаларында қызметті жүзеге асыруы кезінде (экономикалық қызметтің 346 түрі қамтылған) қосымша құжаттарды ұсынбай-ақ төлемдерді кейінге қалдыру ұсынылатын болады.

Орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге қарыз алушының және кредиттік ұйымның жеке бағалау растайтын шектеу карантиндік шараларының қолданылуы салдарынан субъектінің қаржылық жай-күйінің нашарлағанын куәландыратын факторлар болған кезде кейінге қалдыру берілетін болады

Қарыздар бойынша кейінге қалдырылған төлемдерді төлеу үшін үш жаңа төлем кестесінің бірі: қарыз мерзімінің соңына дейін кейінге қалдырылған төлемдерді біркелкі бөлу не қарыз мерзімін кейінге қалдыру кезеңіне ұлғайту түрінде не қарыз (микрокредит) шартында немесе қарыз алушының өтінішінде көрсетілген өзге де өтеу тәсілі белгіленуі мүмкін.

Төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде кредиттік ұйымдар осы Қарыз алушы бойынша талап-арыз жұмысын жүргізбейді.

Төлемдерді кейінге қалдыру алу қарыз алушының кредиттік тарихын нашарлатуға және қарыз алушы туралы кредиттік бюроға теріс ақпарат беруге негіз болып табылмайды.

Источник: Kapital.kz

Бөлісу:

Қосымша жаңалықтар

Бізге хабарласыңыз