Әйелдер істе

Әйел бизнесте, әйел – басшы — бұл сөз тіркестері ешкімді таң қалдырмайды, бірақ әлі де таңданыс тудырады! 8 наурызға біз қаптамадан Басқарма төрағасына дейін, журналисттен бастап жобалар жетекшісіне дейін, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда, зауыттар мен фабрикаларда еңбек еткен әйелдер туралы қызықты әңгімелерді жинауды шештік.


Гульсара Кабылбек, жеке кәсіпкер 

«Қытайда саңырауқұлақтарды өсіру – бұл қарапайым іс, саңырауқұлақтар ол жерде танымал және әдеттегі тамақ болып табылады. Маған оларды Алматыда өсіріп көруге тырысу идеясы келді. Біз бизнеске шамамен 2 млн. теңге жұмсадық, олар 200 шаршы метр жылыжай салуға, жылу өткізуге, мақта мен саңырауқұлақ споралары бар қаптарға арналған сөрелерді орнатуға жұмсалды, бұдан әрі біз Шымкентте үш тонна шикізат сатып алдық. Бір айдан кейін өндірісте алғашқы өнім жинадық, бұл күніне шамамен 50-60 кг өнім. Жақын маңдағы мейрамханаларға ұсына бастадық, олар өнімнің сапасы мен балғындығы арқасында қуана-қуана алды. Күніне мейрамханалар бізден 5-10 кг саңырауқұлақтар сатып алады. Тек мейрамханаларға ғана емес, базарларға да жеткізу көлемін арттыру үшін саңырауқұлақ шаруашылығын кеңейту туралы ойладық және Almaty business-2025 мемлекеттік бағдарламасына қатысуға шешім қабылдадық. Біз 7% жеңілдік мөлшерлемесі бойынша несие алу үшін “Аlmaty” микроқаржы ұйымына жүгіндік. Бізге 7 жыл мерзімге 7 млн. теңгеге қарыз берілді. Бұл ақшаға біз Ресейден көшеттік материалды және саңырауқұлақтарды отырғызу үшін тағы 6 тонна материал сатып алуды, сондай-ақ жылыжайға газды бумен жылытуды, отырғызу аймағын кеңейтуді жоспарлап отырмыз», — деп айтты Кабылбек.

Ақпарат көзі: kursiv.kz

Поделиться:

Еще новости

Свяжитесь с нами