2020 жылы Кәсіпкерлерді салықтан босату

Шағын және орта бизнес саласындағы 1 млн-нан астам салық төлеуші үш жылға салық төлеуден босатылады.

Заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеуден, жеке кәсіпкерлер – жеке табыс салығынан, ал оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтін төлеушілер әлеуметтік салықтан босатылады.
Қалған барлық салықтар мен төлемдер төленуі міндеттемелер туындаған кезде, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық заңнамасына сәйкес төленеді.
Бұл ретте, Акцизделетін өнімдерді өндіру және көтерме сату саласындағы қызметті жүзеге асыратын компаниялар, жер қойнауын пайдаланушылар, ойын бизнесі субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен квазигосскторлар субъектілері бұл шараға жатпайды.
Интеграцияланған цифрлық платформаларға ауыса отырып, фискалдық органдардың бизнеспен өзара қарым-қатынасы қайта іске қосылады. Қоғамдық бақылау құралдарын жандандыру және тауарларды бақылау жүйесін жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда.

Ведомствоның алдын ала есептері бойынша, КТС, ЖТС және әлеуметтік төлемдер жойылған кезде. микро және шағын бизнес субъектілеріне арналған салық үш жылдық кезеңде 752 млрд теңге көлемінде бюджет шығындары болжануда: 2020 жылы – 233,9 млрд теңге, 2021 жылы – 250,3 млрд теңге, 2022 жылы – 267,8 млрд теңге.

Бұл шығындар мемлекет басшысының Жолдауында айтылған басқа да шараларды іске асыру есебінен жабылады. Мәселен, салық жүйесін жаңғырту, бизнесті ынталандыру жолымен салық жүйесінің сапасын арттыру бойынша тапсырмалар шеңберінде салықтық түсімдерді ұлғайтуды қамтамасыз ететін нақты шаралар әзірленетін болады. Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жолымен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, капиталдарды шығаруға, салық төлеуден жалтаруға қарсы күресті күшейту жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.

Сондай — ақ шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеру жүргізуге үш жылға мораторий енгізу жоспарланып отыр:

— салық төлеушінің өтініші негіз болып табылатын салықтық тексерулерді жүргізу;

— қылмыстық істердің жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін салықтық тексерулер;

— қарсы салықтық тексерулер;

— салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау, салық органдарында тіркеу есебіне қою, салық органы шығарған касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді орындау мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулер;

— акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды және ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерді тексеру;

— тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың;

— жер қойнауын пайдаланушылардың.

 Ақпарат көзі: Учёт.kz

Поделиться:

Еще новости

Свяжитесь с нами