ЖК «Дария»

 

Алматы қаласының жаңадан бой көтерген және қарқынды дамып  жатқан аудандарының бірі — Алатау ауданы. Осы аудан балаларының жан-жақты дамуын, талантын ашып, өнерін ұштауды өзімізге мақсат етіп қойған мекеменің бірі — «БОТАМ» дамыту орталығы. Балаларымыз алыс-жақын шет елдерге конкурстарға барып, жеңімпаз атануда.

“Almaty” МҚҰ мекемесімен жұмыс барысында несиеге қатысты ақпаратты беруден бастап, оның жүзеге асуына дейінгі кезде мекеме қызметкерлерінің жоғары кәсібилігін ерекше атап өткім келеді. Құжат дайындауда, біздің жоба бойынша кеңестері мен нұсқаулары осы жұмыстың тез әрі сапалы өтуіне кепіл болды. 

Осындай тиімді қолдау кәсіпкерлер үшін өте маңызды, сонымен қатар қызметті пайдаланушы ретінде халыққа да пайдалы, өйткені осындай тиімді мүмкіндік қызмет бағасын көтермей, халыққа қолжетімді болуына негіз болады. 

Осы аудан балаларының атынан, жеке өзіміздің атымыздан ыстық ықыласымыз бен алғысымызды білдіреміз! Сіздердің жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз, мекемеңіздің абыройы асқақтай түссін! 

📍ҚР, Алматы қ., Байзақов көшесі, 303

☎️+7 (727) 390 80 42

🌐www.mfoalmaty.kz

Бөлісу:

Қосымша жаңалықтар

Бізге хабарласыңыз