«Алматы» Микроқаржы ұйымы» ЖШС-інде «Парақорлыққа қарсы басқару жүйесі» ISO 37001:2016 халықаралық стандартын енгізу бойынша сертификаттау процесінен өтуде. ISO 37001:2016 халықаралық стандартына сәйкес парақорлыққа қарсы басқару жүйесін (бұдан әрі – ПҚБЖ) енгізудің негізі мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйегіндегі «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының 88-тармағы;
2) Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы;
3) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік-процестік кодексінің 43-1-бабының 2-тармағы;
4) «Жобаларды басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысы.
Жоғарыда аталған құжаттарға сәйкес жобалық менеджмент – ең алдымен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін тұлғалауда, нақты нәтижелерге қол жеткізуде, сондай-ақ формализмнен арылуда көрінетін институционалдық реформалардың маңызды кезеңі болып табылады.
Жобалық менеджментті жүзеге асыру Жобалық менеджментті іске асыру Ережелерімен реттеледі, оған сәйкес салалық қызметке қатысты жобаларды қоспағанда, барлық мемлекеттік органдар үшін орындауға міндетті Типтік базалық негізгі бағыттың алты бөлімі айқындалған.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» төртінші блогы (бұдан әрі – № 4 ТБН) жүктелген. № 4 ТБН шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының жұмысын ұйымдастырудың сапасын арттыруға мүмкіндіктер ашылуда.
Бұған бірқатар нақты тапсырмалар мен қосалқы тапсырмаларды қамтамасыз ететін Агенттік жобаларын іске асыру арқылы қол жеткізуге болады.
Осыған байланысты, ТБН № 4 жобаларын іске асыру Жобаны іске асыру Картасына сәйкес тапсырмаларды (тапсырма №3 – ISO 37001 немесе СТ ҚР 37001 стадарттарына сәйкес растау) орындауды талап етеді, мұнда міндеттердің бірі ISO 37001:2016 стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін растау болып табылады. № 3 тапсырмаға сәйкес «ISO 37001 стандарты немесе ҚР СТ 37001 бойынша ұйымды сертификаттау және енгізу» № 1 қосалқы тапсырма берілген.
ISO 37001:2016 стандарты әлемдік тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құрал болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ISO 37001 стандартын енгізген ұйым «Адал компания» мәртебесін алады.
Стандарт талаптарды белгілейді және ұйымда парақорлыққа қарсы жүйені құру, енгізу, қолдау және жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамтиды.
Стандарт сыбайлас жемқорлыққа ғана қатысты және келесі мәселелерді қарастырады:
— ұйым тарапынан немесе оның атынан немесе оның мүддесі үшін әрекет ететін ұйым қызметкерлерінің пара алуы;
— ұйымның атынан немесе оның мүддесі үшін әрекет ететін іскерлік серіктестер тарапынан пара алу;
— ұйымның парақорлығы;
— ұйымның қызметіне байланысты ұйым қызметкерлерінің пара алуы;
— ұйымның қызметіне байланысты ұйымның іскер серіктестеріне пара беру.
Стандартта сипатталған сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістері мен құралдары айтарлықтай сан алуан.
Олардың кейбіреулері:
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қабылдау;
— ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесін енгізуге және жұмыс істеуіне жауапты тұлғаны/тұлғалар тобын тағайындау;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кадрларды оқыту;
— сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде талдау және оларды азайту шараларын әзірлеу;
— серіктестердің адалдығын тексеру;
— қаржылық және қаржылық емес бақылау шараларын жүзеге асыру;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттаманы әзірлеу;
— ішкі аудит жүргізу және т.б.
ISO 37001:2016 «Парақорлыққа қарсы басқару жүйесі» халықаралық стандартын енгізу шеңберінде келесі кезеңдер аяқталды:
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қабылдау;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кадрларды оқыту;
— сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде талдау және оларды азайту шараларын әзірлеу;
— серіктестердің адалдығын тексеру;
— қаржылық және қаржылық емес бақылау шараларын жүзеге асыру;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттаманы әзірлеу;
— «Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» ISO 37001:2016 халықаралық стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізу бойынша сертификаттау алдындағы аудит жүргізу;
— парақорлыққа қарсы басқару жүйесін енгізу бойынша персоналды оқыту («Парақорлыққа қарсы басқару жүйесі» ISO 37001:2016 халықаралық стандартына сәйкес оқыту сертификаттары берілді).
Соңғы кезең – халықаралық сертификаттау органының сертификаттау аудитінен өтуі. Сертификаттау аудиті 2024 жылға жоспарланған.