Flyba Group-Glovo, Wolt және басқа да жеткізу қызметтері сияқты жетекші компаниялармен серіктесетін Алматы қаласындағы мототехниканы жалға беретін ірі компаниялардың бірі.
«Almaty» МҚҰ туралы сіздің ұйымыңызда бұрын микрокредит алған таныстардың ұсынысы бойынша білдік. МҚҰ жұмысы туралы тек оң жауап бере аламыз, бәрі түсінікті және қол жетімді болды, — дейді Өркен Батырхан, FLYBA GROUP директоры.
Клиент ұсынылатын қызметтер көлемін ұлғайту үшін мопедтерді сатып алу және жеткізу мақсатында қаржыландыру алды.
«Біздің компаниямызда 50 мопед болды, ал қазір біз «Almaty» МҚҰ-нан алынған қаражатқа қосымша 150 мопед сатып алып, мопедтер санын 4 есеге арттырдық. Болашақта ірі жеткізу қызметтері жұмыс істейтін және мототехниканы қажет ететін басқа қалаларда кеңселерді ашып, кеңейтуді жоспарлап отырмыз», — деп толықтырды Өркен Батырхан.
Мототехниканы жалға беруден басқа, Flyba Group мопедтерді бөлшек саудада сатумен айналысады және сіз олардың компаниясымен flybagroup сілтеме бойынша таныса аласыз: