«Almaty» МҚҰ-да жаңа өнім — «Кепілсіз» шағын несие іске қосылды

 Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасына өзгерістер бекітілді. Осы бағдарламадағы негізгі өзгеріс жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін кепілсіз микрокредиттер беру бағдарламасын енгізу болып табылады.

        Кепілсіз микрокредиттер жыл сайынғы тиімді сыйақы мөлшерлемесі 12%, 24 айға дейінгі мерзімге және ең жоғары сомасы 6 000 000 теңге болатын шағын және орта бизнес субъектілері үшін қолжетімді. Бұл өнім ашық қызмет жүргізетін жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлерді қолдау құралдарының бірі болып табылады, өйткені екінші деңгейдегі банктердегі кепілсіз несиелеу мөлшерлемелері 17% — дан басталады және орташа алғанда 22-23% — ды құрайды. 3%.

«AlmatyBusiness – 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында құрылған «Алматы» ӘКК АҚ компаниялар тобына кіретін «Almaty» микроқаржы ұйымы кепілсіз қарыз берумен айналысады. Бүгіннің өзінде Алматы қаласының жеке кәсіпкерлері (ЖК) шағын несиеге арнайы нысан арқылы компанияның вебсайтында өтініш бере алады. Кепілсіз микрокредит алудың негізгі шарты Алматы қаласында кемінде 6 ай мерзімге кәсіпкерлік қызметті тіркеу және жүзеге асыру болып табылады, ал қажетті құжаттардың саны ең аз, сізден тек мына құжаттар қажет:

    • Уәкілетті тұлғаның жеке куәлігі;
    • ЖК тіркеу куәлігі;
    • Табыс салығы бойынша салық декларациялары;
    • Үзінді көшірмені қоса бере отырып, қызмет көрсететін банктерден банктік шоттардың болуы туралы және соңғы он екі айдағы ай сайынғы айналымдар туралы анықтамалар.

          Ұл бақұжаттардың барлығын жеке кәсіпкерлер салық төлеушінің тиісті базасынан — кабинетінен, қызмет көрсететін банктің онлайн-банкингінен түсіре алады, яғни қағаз құжаттарды нақты жинаудың қажеті жоқ.
Алматы қаласының шағын орта бизнес субъектілерін қолжетімді қаржыландыру түріндегі мемлекеттік қолдау «Almaty» МҚҰ және «Almaty Finance» негізгі міндеті болып табылады, сондай-ақ жылдық 2% және 6% мөлшерлемелер бойынша жеңілдікті кепіл несиелерін ұсынады.

Бөлісу:

Қосымша жаңалықтар

Бізге хабарласыңыз