Ұйым туралы
«Жалпы алғанда, ШОБ үдемелі өсуін ескере отырып, біз алдымызға бұрынғыдан да биік мақсаттар қоюымыз қажет. 2025 жылға дейін шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін 35-40% – ға дейін жеткізуге міндет қоямын»
«Almaty» МҚҰ ЖШС микронесие бағдарламасы «Алматы Business 2025» Бағдарламасы аясында іске асырылады, оның негізгі басымдылығы “Бизнес және жеке капитал үшін қала” миссиясына сай жауап беретін іс-шаралар кешені болып табылады
Негізгі қызмет түрі: ШОБ субъектілері (жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар) үшін 20000 АЕК дейін микронесие беру
Несиелеу мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шартымен Алматы қаласында тіркелген ШОБ субъектілері (жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар) үшін беріледі
Басқарма
ТҰРҒАНБАЕВ БЕРІК ТҰРҒАНБАЙҰЛЫ
Басқарма Төрағасы
1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар/халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жетекші мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бойынша оқытуды қоса алғанда, кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламаларынан өтті.
Жұмыс тәжірибесі: Банк саласында, корпоративтік басқаруда, өңірлік дамыту және қызмет салаларында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. «Қазинвестбанк» АҚ, «АзияКредитБанк» АҚ, «Темір Банк» АҚ, «Альянс Банк»АҚ ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқарған.
Медеу ауданы әкімінің аппаратында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімін басқарған.
АРАПОВА САУЛЕ МУРАТОВНА
Басқарма Төрағасының орынбасары
Білімі: «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Менеджмент» мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясын (магистратура), HEC Paris- MBA бітірді
Жұмыс тәжірибесі: «Стрестік активтер Қоры» АҚ-ның Басқарма Төрағасы, «Сентрас Капитал» ЖШС-нің Басқарушы директоры, «Ұлттық инновациялық Қоры» АҚ, АТФ Банкі, «KazTransCom» ААҚ.
АЛИЕВ РУСЛАН БЕКИЗАТХАНОВИЧ
Басқарма Мүшесі
Білімі: 1999 — 2003 ШӘКӘРІМ атындағы сму. Шәкәрім (Семей қ.), факультет: қаржы және несие, мамандануы: банк ісін ұйымдастыру;
Жұмыс тәжірибесі: “Almaty “МҚҰ” ЖШС тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау департаментінің директоры; “hayali” ЖШС — Басқарушы директор; “Qazaq Banki” АҚ — тәуекелдер департаментінің директоры; “Астана Банкі” АҚ — тәуекелдер департаментінің директоры; “Астана Банкі” АҚ — кредиттік тәуекелдер басқармасының бастығы.
ОНГАРОВ ЕЛДОС БАУЫРЖАНОВИЧ
Басқарма Мүшесі
Білімі: Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, факультет: қаржы және несие;
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, факультет: Мұнай-газ ісі.
Жұмыс тәжірибесі: «Almaty «МҚҰ» ЖШС-тің Қаржы, есеп және есептілік департаментінің директоры, «WORK & PROFIT» ЖШС-тің басшысы, «Qazaq Banki» АҚ-ның бөлшек кредиттеудің кредиттік тәуекелдерінің басшысы, «Астана Банкі» АҚ, «Альянс Банк» АҚ.
Бақылаушы Кеңес
ГАБДУЛЛИН АНУАР ЖОМАРТОВИЧ
Бақылаушы кеңестің Төрағасы
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2003 ж.) «Қаржы және несие» факультеті, «Банк ісі» мамандығы; Халықаралық Бизнес Академиясы, магистр (2012) Іскери басқару магистрі (MBA), үздік диплом.
Жұмыс тәжірибесі: «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары (Almaty Finance); «Сбербанк» АҚ ЕБ Орта бизнес департаменті директорының орынбасары; Корпоративті бизнес жөніндегі филиал директорының орынбасары; «Альянс-Банк» АҚ, заңды тұлғаларға несие беру департаментінің директоры; «BRB Invest» ЖШС (инвестициялық холдинг), қаржы жөніндегі бас директор.
АЛДАЖАРОВ ЕРДЕН КАНАГАТОВИЧ
Бақылаушы кеңестің мүшесі
Білімі: Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, әлемдік экономика мамандығы, Бейжің Тілдер және мәдениет университеті (BLCU).
Еңбек жолы: «Алматы» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС, «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, «Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы МұнайТас» ЖШС және «Строй Проект KZ» ЖШС-де басшылық қызметтер атқарды.
БАЙДИЛЬДАЕВ АЗАМАТ АСКАРОВИЧ
Бақылаушы кеңестің мүшесі
Білімі: Executive MBA (HEC – The École des hautes études commerciales de Paris, Франция) — стратегиялық менеджмент. Алматы Технологиялық Университеті — экономика және менеджмент.
Еңбек жолы: ABN AMRO, RBS, HSBC сияқты жаһандық қаржы институттарында 20 жылдан астам жетекшілік тәжірибесі бар топ-менеджер. Ірі қаржы институттарында халықаралық есептілік және рәсімдер стандарттарын енгізу, тәуекелдер мен комплаенс-бақылауды басқару салаларында жоғары құзыретке ие. Тәуелсіз директор ретінде Директорлар кеңесінде жұмыс тәжірибесі бар.
Жұмыс бойынша барлық ұсыныстар мына мекен-жай бойынша қабылданады: