KAZ Антикоррупционная комплаенс служба
- by admin
Құрметті «Almaty «МҚҰ» ЖШС клиенттері!
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес «Almaty «МҚҰ» ЖШС-де (бұдан әрі-Серіктестік) 2022 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құрылды.
Комплаенс-қызмет туралы бекітілген Ережеге сәйкес серіктестікте азаматтар серіктестікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың бар немесе ықтимал мүмкіндігі туралы ақпаратты хабарлай алатын, немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізе алатын ақпараттандыру арналары құрылды.
Қаржыландыру туралы мәселелерді қараған кезде серіктестік серіктес немесе делдал ретінде үшінші тұлғаларды тартпай, клиенттермен тікелей жұмыс жасайтынына Сіздің назарыңызды аударамыз!!!
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!
Егер сіз серіктестік қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарына еріксіз куә болсаңыз, не белгілі бір сыйақы немесе көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу үшін кредит ресімдеуді ұсынатын адамдарға тап болсаңыз, онда Сізге серіктестіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне келесі байланыс арналары арқылы жүгіну қажет:
Жұмыс телефоны: +7-727-390-80-42 (іш.333);
Ұялы телефон: +7 707-471-1199;
Электрондық пошта: antikor@mfoalmaty.kz
Ауызша және жазбаша өтініштер сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін) қаралады.
Электрондық байланыс арқылы ақпарат пен хабарламалар тәулік бойы қабылданады.
«Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет»
«Almaty «МҚҰ» ЖШС
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі
