2024 жылдың 14 маусымда Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар Басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы бойынша жиналыс өтті.

2024 жылдың 14 маусымда Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар Басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы бойынша жиналыс өтті. Отырыста Алматы қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетов Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің нормаларын түсіндіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша баяндама жасады, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша түсіндірмелер берді.

Жиында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында бақылау күшейтілгені айтылып, әрбір мемлекеттік қызметкердің адамгершілік, іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды күшейту керектігі айтылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық субъектілеріне мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға жауапты, құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымдарды атқаратын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалар жатқызылатыны түсіндіріліп,  Заңға сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамада көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді толықтай қабылдайтынын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда қатаң жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Жиын соңында мемлекеттік қызметтің имиджін және халықтың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттыру мәселелері талқыланды.

Бөлісу:

Қосымша жаңалықтар

Бізге хабарласыңыз