Екі буткэмпты ашуға 25 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие “ХимЛаб” жеке кәсіпкерлігіне берілді. Қаржы қажетті жабдықты (компьютерлер, перифериялық құрылғылар, үстелдер, орындықтар) сатып алуға және бөлмені жөндеуге жұмсалды.
“SHARINGAN” деп аталады және олар екі жерде орналасқан:
1) Райымбек 243 в
2) Брусиловский 163
«”Almaty” МҚҰ туралы Әлеуметтік желілер арқылы біліп, қаржы туралы ақпарат алдық. Несие менеджерлері құжаттарды тез жинауға көмектесті, бәрі оңай және түсінікті болды. Осының арқасында тез арада несие алып, SHARINGAN клубымызды аштық, сіздің жұмысыңыз үшін алғысымызды білдіреміз», – дейді “ХимЛаб” ЖК директоры Ниязова Арай Арманқызы..
Ағымдағы күнге “Almaty” микроқаржы ұйымы креативті экономика саласындағы жалпы сомасы ~180 млн теңгеге 8 жобаны қаржыландырды.