ЕАЭО-да кредиттік тарих деректерімен алмасатын болады

Одақ елдерінің азаматтары Еуразиялық “бестік”аумағында банктік қарыздарға тең қолжетімділік алады

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің үкімет басшылары одақ елдері азаматтары мен компанияларының кредиттік тарихтарынан мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kapital.kz Қазақпарат хабарлайды.

Құжаттың басты мақсаты-одақтың азаматтары мен коммерциялық компанияларының ЕАЭО бүкіл аумағында кредиттік өнімдерге қол жеткізуін жеңілдету, сондай-ақ әлеуетті қарыз алушылардың кредиттік тәуекелін әділ бағалау үшін коммерциялық банктерге қолжетімді және объективті құрал ұсыну.

“Бізге кредиттік тарих субъектілерінің кредиттік есептерімен трансшекаралық алмасу тетіктерін іске асыру үшін құқықтық өріс пен жағдай жасау, бұл ретте кредиттік қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға кепілдік беру, сондай – ақ Одақ шеңберінде трансшекаралық алмасуға қатысатын кредиттік бюролар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажет”, – деп түсіндірді Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 19 қарашадағы отырысында ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі Руслан Бекетаев.

Келісім ЕАЭО мемлекеттерінің резиденттеріне Одақтың басқа елінде бола отырып, өзінің кредиттік есебін алуға мүмкіндік береді. Құжатта кредиттік бюролар арасындағы өзара іс-қимыл тетігі жазылған, сондай-ақ трансшекаралық алмасуды реттеу және қадағалау бойынша қаржылық реттеушілердің өкілеттіктері айқындалған.

Келісім күшіне енгеннен кейін Одақ елдерінің азаматтары мен компаниялары Еуразиялық “бестік” аумағында банктік кредиттер алу үшін тең шарттарда өтініш жасау мүмкіндігіне ие болады, бұл трансшекаралық кредиттеуді дамытуға қосымша серпін береді.

Жаңалықтар көзі: Капитал

Бөлісу:

Қосымша жаңалықтар

Бізге хабарласыңыз