Медеу ауданындағы геронтологиялық оңалту орталығы

Алматы қаласының тұрғыны Ешманова Айнұр Қайркенқызы Қазақстан Республикасында алғашқы “60+” геронтологиялық оңалту орталығын ашуға жеңілдікті несие алды. Қаражат “Almaty Business -2025 “мемлекеттік бағдарламасы аясында” Almaty “МҚҰ”ЖШС-нен бөлінді.

Қаржыландыру арқасында “Центр памяти” ЖШС үй-жайды жөндеуді аяқтап, келушілерге есігін айқара ашты.

ОРТАЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
– күндізгі/тәулік бойы болу жағдайларында немесе жеке кесте бойынша геронтологиялық оңалту;
– жадты қолдау және жақсарту үшін танымдық тренинг;
– егде жастағы адамдарға сыртқы көмектен белсенділік пен тәуелсіздікті ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін әдістерді қолдану;
-гериатр дәрігерінің жеке кеңес беруімен, қартаю қарқынын және ағзаның жедел қартаю белгілерін анықтаумен, когнитивті функцияларды анықтаумен гериартриялық кабинеттің жұмысы
– бейімделген емдік дене шынықтыру;
– диеталық терапия және Жерорта теңізі диетасы
– саумалмен емдеу;
– ғарыштық медицина технологиясын қолдану

«Геронтологиялық оңалту орталығының басты ерекшелігі-жаттығу, диета, есте сақтау жаттығулары және әлеуметтік өзара әрекеттесу сияқты салауатты мінез-құлықты арттыруға бағытталған дәрілік емес шараларды қолдану. Бұл жобаны “Almaty” микроқаржы ұйымының қолдауымен іске асыруға қол жеткізілді, оның кредит менеджерлері қажетті құжаттарды жинауға көмектесті және шағын несиені тез ресімдеді. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге осындай қолдау көрсетілгені өте жақсы», – дейді Айнұр Қайыркенқызы.

Геронтологиялық оңалту орталығымен танысу үшін Алматы қаласы, Бекен Жамақаев көшесі, 152 мекен-жайынан өтуге немесе +7 (707) 152 52 56 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Поделиться:

Еще новости

Свяжитесь с нами