Наурызбай ауданында “Болашақ” балаларды дамыту орталығын ашуға 45,85 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие бөлінді.
«Біз жеті жылға жылдық 6% – бен несие алдық, бұл өте ыңғайлы және тиімді, біз мемлекеттің ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге осындай қолдау көрсететініне қуаныштымыз. Лагерде және “Galaxy” би мектебінде балалармен жұмыс істеу тәжірибесін алып, біз өз бизнесімізді кеңейтуді жөн көрдік және “Almaty”МҚҰ-ға жүгіндік. Бізге кеңес берілді, құжаттарды жинауға көмектесті және сұралған қаражат сомасын берді. Бұл мүмкіндікті басқа кәсіпкерлерге ұсынамыз», – говорит Устемирова Мадина, одна из основателей центра развития “Болашак”.
Қаржыландырудың арқасында “Болашақ даму орталығы” ЖШС коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті жабдықтарды сатып алды.
“Болашақ” даму орталығы мектепке дайындық, түрлі тілдерді оқыту және хобби (шахмат, би, актерлік шеберлік) бойынша қызмет көрсетеді, ал орталыққа Алматы қаласы, Сәкен Жүнісов көшесі, 12/6 мекен-жайы бойынша баруға болады.