Ауа сүзгілерін өндіру

Алматы тұрғыны Даурен Ныгметмынжани жүк көліктеріне арналған ауа сүзгілерін өндіруге 20 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Қаражат «Almaty Business -2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Almaty» МҚҰ» ЖШС-нен бөліндi.

«Мен үш жылға жылдық 6% несие алдым, 6 айға салықтық демалыс беруді сұрадым. Бұл өте тиімді, бизнеске мемлекет тарапынан өте жақсы қолдау. Кез-келген өндірісті жүргізу қиын, әсіресе бастапқы кезеңде. Әрдайым қор, жабдық пен шикізат сатып алу, еңбекақы төлеу, жаңа өнімдерді енгізу және т. б. үшін ақша қажет. «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының қызметкерлеріне ерекше ризамын, олар тегін кеңес беріп, бизнес-жоспар жазып, несие алғанға дейін бірге жүрді», – дейді Даурен Ныгметмынжани.

 

 

“Нұрбақыт” ЖК қаржыландыруының арқасында қажетті шикізат – мырышталған торға арналған металл табақ пен қағазды сатып алды. Кәсіпкердің айтуынша, нарықтағы ресейлік және қытайлық ұқсас сүзгілер әлдеқайда қымбат, ал жергілікті сүзгілер сападан еш кем түспейді.

«Біздің өнім Алматы, Ақтау, Тараз, Өскемен қалаларында үлкен сұранысқа ие. Қазір біз қытайлық Hovo жүк машиналарына арналған ауа сүзгілерін шығарамыз. Болашақта жеңіл автокөліктерге арналған сүзгілерді шығаруды жоспарлап отырмыз», – дейді Даурен Ныгметмынжани.

Кәсіпкердің бизнеске икемді көзқарасы бар. Бұрын ол саудамен айналысқан, дәнекерлеу цехын, есік цехын ашқан және барлық жерде жетістікке жеткен. Қазір Қазақстанда оның саласында бәсекелестер жоқ. Цех 5 жыл бойы жұмыс істеп келеді, осы уақыт ішінде Дауреннің сатып алушылар мен сенімді жеткізушілердің өзіндік базасы қалыптасты. Цех айына 1500 дана өнім өндіреді, 7 адам жұмысқа орналастырылды.

Дереккөзі: Almaty.TV

 

 

Поделиться:

Еще новости

Свяжитесь с нами