Шағын және орта бизнес субъектілерінің қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тәртібі

 

«ALMATY» МҚҰ» ЖШС КЛИЕНТТЕРІ МЕН СЕРІКТЕСТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

 

 

    ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 09.04.2021 жылғы №127 Бұйрығына сәйкес Шағын және орта бизнес субъектілерінің қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тәртібі (бұдан әрі – «Тәртіп»).

«Almaty» МҚҰ ЖШС шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын қарыз алушыларға қарыздары бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыруды Тәртіпке сәйкес ұсынады:
1) микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге – субъект экономика салаларында қызметті жүзеге асырған кезде Тәртіптің қосымшасына сәйкес келесі сілтеме бойынша қолжетімді.
2) орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге – шектеу карантиндік шараларының қолданылуы салдарынан субъектінің қаржылық жай-күйі нашарлаған кезде кредиттік ұйым жүзеге асыратын қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалаумен расталатын. Қарыз алушының қаржылық жай-күйін бағалау қарыз алушының нақты кірістерін және енгізілген шектеу карантиндік шараларының қарыз алушының кәсіпкерлік қызметіне, оның ішінде қарыз алушының тауарларына, жұмыстарына және (немесе) көрсетілетін қызметтеріне тұтынушылық сұранысты төмендетуге, тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді беру тізбектерін бұзуға, тауарларға, жұмыстарға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу мерзімдерін бұзуға әсерін талдауды көздейді.

Тәртіп микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік мақсаттарға, оның ішінде дара кәсіпкерлерге 2021 жылғы 1 сәуірге дейін берілген микрокредиттерге қолданылады.

«Almaty» МҚҰ ЖШС 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде берілген қарыз алушының өтініші негізінде мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.

Қарыз алушы өтінішті кредиттік ұйымға info@mfoalmaty.kz электрондық поштаның көмегімен немесе басқа байланыс құралдар арқылы береді. Сондай-ақ, өтініш Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 200 каб. мекенжайы бойынша «Almaty» МҚҰ ЖШС кеңсесінде ұсынылуы мүмкін.

Кепіл және кепілдік шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу микрокредит шартының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Өтінішті қарау және Микрокредит және (немесе) кепіл шарттарын және өзге де байланысты шарттарды өзгерту үшін комиссиялар мен өзге де төлемдер алынбайды. Тәртіпте көрсетілген шарттарда қарыздары бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыру қарыз алушының кредиттік тарихын нашарлатуға және қарыз алушы туралы теріс ақпаратты кредиттік бюроларға беруге негіз болып табылмайды.
«Almaty» МҚҰ ЖШС өтінішті алған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қарайды. Егер қарыз алушының өтінішінде және кредиттік ұйымның шешімінде өзгеше мерзім көрсетілмесе, «Almaty» МҚҰ қарыз алушының таңдауы бойынша 30 күннен 90 күнге дейінгі мерзімге қарыздары бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыруды ұсынады.

Қарыздары бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыруды беруден бас тарту туралы шешімді «Almaty» МҚҰ ЖШС қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауының жоқтығы туралы ақпарат болған жағдайда қабылдайды. Қарыздары бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыру кезеңінде осы Қарыз алушы бойынша талап-арыз жұмысы және қарыз алушыны мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттігі туралы хабардар ету тоқтатылады.
Қарыздары бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыру, егер микрокредит шартында өзгеше төлем кестесі көзделмесе не өтініш берушінің өтінішінде көрсетілмесе, Қарыз мерзімінің соңына дейін бұрын кейінге қалдырылған төлемдерді біркелкі бөлу не қарыз мерзімін кейінге қалдыру кезеңіне ұлғайту түріндегі төлемдердің жаңа кестесін белгілеу арқылы микрокредит шарттарына қосымша келісімдерге қол қоймай беріледі. Бұл ретте микрокредит шарты бойынша мерзімін ұзартқанға дейін қарыз алушы төлеген төлемдер қайтарылмайды.

Барлық нақтылау сұрақтары бойынша мына нөмірге хабарласуға болады + 7 727 390 8042
Бұйрықтың толық нұсқасы мына сілтеме бойынша қолжетімді.

 

 

Поделиться:

Еще новости

Свяжитесь с нами