“Lemon” азық-түлік дүкені

«Мен Qoldaý-да маған барлық қажетті қолдау мен кеңестерді алдым, сол үшін рахмет! Менің жобамның бизнес-жоспары жазылды, мен бірнеше рет кеңес сұрадым, жарнамалық және ұйымдастырушылық мәселелер Qoldaý қызметкерлерінің көмегімен шешілді ” – дейді кәсіпкер.

Дәурен Қайролдинұлы «Almaty Business-2025» аймақтық бағдарламасы аясында «Алматы» Микроқаржы ұйымы арқылы 22,5 млн.теңге сомасында 7 жылға 6% мөлшерлемемен қаржыландыруды алды. Алынған қаражат үй сатып алуға толығымен жұмсалды, қазіргі уақытта екі жұмыс орны құрылды.
Болашақта олар тағы екі жұмыс орнын құруды, көкөніс бөлмесін ашуды жоспарлап отыр, сонда тұтынушылар барлық қажетті өнімдерді бір жерден сатып ала алады.

«Үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, үлкен гипермаркеттерге қарамастан, әрқашан өзектілігін жоғалтпайды, ең бастысы – көршілер мен клиенттерге дұрыс көзқарас табу. Біз екі балабақшаның, мектеп пен университеттің жанынан үй сатып алдық, бұрын мен алған жерлерде сұлулық салоны болған, сондықтан біз бизнесті нөлден бастап жатырмыз, бірақ біз болашаққа үміт артамыз.» – дейді Дәурен.

Кәсіпкерлер қатарына қосылғыңыз келе ме, немесе бизнесіңізді кеңейткіңіз келе ме? «Almaty» МҚҰ ЖШС және ЖК үшін қаржыландыруды ұсынуға дайын, тек біздің сайтта өтінім беріңіз немесе +7 727 390 80 42 телефон арқылы бізбен байланысуыңызға болады

 

Бөлісу:

Қосымша жаңалықтар

Бізге хабарласыңыз