“Almaty” МҚҰ шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетеді және бүгін біз өз клиентіміз қазақтың ұлттық киімдері мен аксессуарларын шығаратын тігін цехын дамытуға шағын несие алған – Мәсімғазы Айдар Советұлы туралы айтып береміз. Алынған сома өндірістік қуатты арттыру үшін қажетті жабдықты сатып алуға ықпал етті.
«Шағын несие алып, қаражат бизнесті кеңейтуге, атап айтқанда жабдықтар сатып алуға жұмсалды, өйткені өндірістік қуатты арттыру қажеттілігі туындады. «Almaty» МҚҰ таңдауының негізгі себебі – 6% пайыздық мөлшерлеме, бұл бизнес үшін өте тиімді болып табылады. Несие алғанға дейін ойландым, бизнесті дамыту үшін қаржылық қолдау алу жақсы ниет деп шештім, өйткені жұмыс орындары құрылып, өндіріс пен қоғамның пайдасы артып келеді. «Almaty» МҚҰ жұмысына ризамын, сіздің ұйымыңызға рахмет және біздің несие менеджерімізге жеке алғысымды білдіремін.» – деп айтты «Abyroikz» бас директоры Мәсімғазы Айдар Советұлы.
«Абыройкз» компаниясының ұлттық киімдер сапасының басты құпиясы-өз ісіне және ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігіміз. Әрине, қазақ халық киімінің өзіне тән және ерекше белгілері бар. Біздің компания ерлерге, әйелдер мен балаларға арналған, сондай-ақ шығармашылық ұжымдарға арналған табиғи жүн, жібек, қолдан жасалған тері сияқты экологиялық таза материалдардан жоғары сапалы, эксклюзивті ұлттық костюмдерді өндірумен айналысады.»— деп жазылған сайттың басты бетіндегі сипаттамада.
«Абыройкз» қазақ колориті бар эксклюзивті тауарлардың кең ассортиментін ұсынады, ал олардың өнімдерімен танысу үшін сіз abyroikz.kz сайтына кіре аласыз.abyroikz.kz.