2025 жылғы 13 маусымда Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында «Almaty» МҚҰ ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның басты мәселесі» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға бірқатар беделді қоғамдық және кәсіби ұйымдардың өкілдері қатысты: «Адам және құқық» медиаторлар мен заңгерлер одағы» қоғамдық бірлестігі, Алматы қаласының Заң кеңесшілері палатасы, «Меншік құқығын қорғау одағы» қоғамдық бірлестігі, Халықаралық полиция қауымдастығының Қазақстандық бөлімшесінің бас хатшысы, сондай-ақ Алмалы және Медеу аудандары бойынша «Алматы – Адалдық алаңы» жобалық кеңселері.
Семинар барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың себептері мен көрініс формаларын, оны болдырмаудың нақты тетіктерін талқылап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті – бұл корпоративтік деңгейде де, қоғамдық деңгейде де өзекті мәселе болып табылады.
Айта кету керек, «Almaty» МҚҰ ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты жұмыс істейді. Бұл саясат серіктестіктің этика, ашықтық және айқындық қағидаттарына бейілділігін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады және халықаралық үздік тәжірибелер мен адал басқару қағидаттарына негізделген.
«Almaty» МҚҰ ЖШС өз қызметінде келесі негізгі қағидаттарға сүйене отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асырады: сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлері мен көріністеріне мүлдем төзбеушілік, басшылықтың жеке үлгі көрсетуі, қызметкерлердің жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға қатысуы, ықтимал қауіп деңгейіне сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы рәсімдердің сәйкестігі, бизнес-процестердің ашықтығы, алдын алу шараларына басымдық беру, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпау қағидаты.
Осындай іс-шараларды өткізу – «Almaty» МҚҰ ЖШС қоғам мен серіктестер тарапынан сенімді нығайту, сондай-ақ қаланың жауапты және ашық даму институттары ретіндегі іскерлік беделін қолдау жөніндегі жүйелі және дәйекті жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі