Алматыда 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық мәслихат депутаттарымен санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және exit Strategy қала экономикасын кезең-кезеңмен қалпына келтіру жоспарын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Бейне-конференц-байланыс режимінде өткен кездесу барысында коронавирустық инфекциямен күресу, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мәселелері көтерілді. Кәсіпорындардың қызметін кезең-кезеңмен қайта жаңартуға жеке тоқталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 20 сәуірден бастап санитарлық қауіпсіздікті сақтау аудитінен кейін жұмыспен қамтылғандар саны 540 мың адамға жетті, оның ішінде 200 мыңға жуығы — облыс тұрғындары. 25 мамырдан бастап тағы 84,2 мың адам жұмысқа шығады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлағандай, экономиканы қалпына келтірудің негізгі бағдарламалары мен тетіктері  “Жұмыспен қамтудың жол картасы”, шағын және орта бизнесті қолдау, тұрғын үй құрылысы, білім беру нысандарының жедел құрылысы болып табылады.

Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ,  Алматы қаласының елдің қаржы және іскерлік орталығы ретінде қалыптасуына шағын және орта бизнесті қолдау басым міндет болып табылатынын атап өтті. Әкімшілік бастамашылық еткен негізгі бағдарлама Almaty Business 2025 болып табылады. Сондай-ақ, өткен жылдан бастап «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін республикадағы жалғыз Qoldaý кәсіпкерлік орталығы іске қосылды. Индустриялық аймақтың жұмысы жанданып, шағын өнеркәсіптік парктер құрылуда.

Аталған жобалар, сондай-ақ мемлекеттік даму бағдарламалары аясында, атап айтқанда “Еңбек”, “қарапайым заттар экономикасы”, “Даму” КДҚ арқылы жобаларды қолдау шеңберінде кәсіпкерлік саласында 10 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
 Ақпарат көзі: Tengrinews

 

Бөлісу:

Қосымша жаңалықтар

Бізге хабарласыңыз